Жарнама
Жарнама

Англия чемпиондарының бұрынғы ойыншысы ҚПЛ-ге келе ме?

11.01.2026, 08:45

Польша құрамасы мен 2016 жылғы АПЛ чемпионы “Лестер Ситидің” бұрынғы ойыншысы Бартош Капустканың Қазақстанға келуі мүмкін деген қауесетке нүкте қойылды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Соңғы күндері отандық футбол кеңістігінде Польша құрамасының танымал ойыншысы Бартош Капустка Қазақстандық клубтардың біріне ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған болатын. Алайда, футболшының өкілі бұл мәселеге қатысты кесіп айтты.

“Қазақстан нарығына қызықпаймыз”

Варшавалық “Легия” ойыншысы Капустканың мүддесін қорғайтын агент Серж Нале Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Оның айтуынша, Бартош қазіргі таңда клуб ауыстыруды жоспарлап отырған жоқ.

“Бартош Капустка бұл трансферлік терезеде мүлдем жаңа клуб іздеп жатқан жоқ. Сондықтан оның Қазақстан нарығына шығуы мүмкін емес.” — деді агент.

Агент Қазақстандық БАҚ-та тараған қауесеттерге таңданысын жасырмады. Наленің сөзіне сенсек, футболшы ешқандай отандық ұжыммен келіссөз жүргізбеген.

Осылайша, Еуропалық деңгейдегі жұлдыздың Қазақстанға келуі туралы ақпарат “фейк” негізсіз инсайд болып шықты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров