Джеймс Милнер АПЛ рекордын орнатты.
40 жастағы ойыншының “Астон Виллаға” қарсы кездесуі тұманды Альбион чемпионатындағы 654 ойыны болып тіркелді.
Джеймс кәсіби футболдағы қадамын 2002 жылдан бері жалғап келеді. Жартылай қорғаушы осы кезеңге дейін Лидс, Ньюкасл, Астон Вилла, Ливерпуль, Манчестер Сити және Брайтон намысын қорғады. Барлығын қоса есептегенде, Милнер Премьерде 654 матч өткізіп, Гарет Барридің рекордын бұзды.
Бір қызығы, Джеймс Англия біріншілігінде 1968 бен 2007 жылға дейінгі туылған барлық футболшылармен бір алаңда өнер көрсеткен.
Осы маусымда кәрі қасқыр Милнер барлық турнирлерде 17 матч өткізіп, 1 гол мен 1 голдық пас берді.
Біздің серіктес: FONBET