2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының іріктеуінде Томас Тухель шәкірттері Белградта Сербияны 5:0 есебімен тас-талқан етті.
Матчтың басты жұлдызы – капитан Харри Кейн, ол ұлттық құрамадағы голдар санын 74-ке жеткізіп, жеке рекордын жалғастырды. Сонымен қатар Нони Мадуэке, Эзри Конса және Марк Гэи алғаш рет Англия сапында гол соқты. Соңғы голды Маркус Рэшфорд пенальтиден енгізді.
Англия бес ойынның барлығында жеңіске жетіп, 15 ұпаймен топта көш бастап тұр.
Ал Сербия үшін бұл іріктеудегі алғашқы жеңілісі. Никола Миленкович қызыл қағаз алып, жағдайды мүлде қиындатты. Қазір олар 7 ұпаймен үшінші орында, бірақ бір ойыны кем. Екінші орында 8 ұпаймен Албания тұр.
Томас Тухель ойыннан кейін қуанғанын жасырмады:
"Біз бір апта бойы жақсы дайындалдық. Бүгінгі матч командалық жұмыстың керемет үлгісі. Ұйымшылдық біздің басты артықшылығымыз болды." – деді ол.
Бұған дейін Тухельдің командасы Андорраны әрең жеңіп, сынға қалған еді. Бірақ Сербиядағы сенімді ойыны күмәнді сейілтіп, Англияның басты фаворит екенін тағы бір дәлелдеді.
Біздің серіктес: FONBET