Жарнама
Жарнама

Англия Суперкубогын өткізген төреші Алматыға келеді

20.10.2025, 10:00

УЕФА Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің үшінші турындағы «Қайрат» - «Пафос» матчының төрешілерін тағайындады

Жарнама
Жарнама

Бұл ойында Англиядан келген төрешілер бригадасы қызмет атқарып, Крис Кавана бас төреші болады. Оған ассистент ретінде Дэниел Кук пен Иэн Хассин көмектеседі. Төртінші төреші — Сэм Бэрротт, VAR төреші — Стюарт Эттуэлл, VAR көмекшісі — Питер Бэнкис.

Крис Кавананың статистикасына назар аударсақ, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде «Интер» - «Славия» және Еуропа лигасының іріктеу кезеңінде 3 матчты жүргізген. Сондай-ақ ол ағылшын Премьер-лигасында 8 ойынына тағайындалып, «Ливерпуль» - «Кристал Пэлас» арасындағы Суперкубок матчы да сеніп тапсырылған.

«Қайрат» - «Пафос» матчы 21 қазанда Алматыда өтеді және Қазақстан уақытымен 21:45-те басталады.

Еске салайық, қазақстандық клубтың еншісінде әзірше ұпай жоқ. Олар сырт алаңда Португалияның «Спортингісінен» 1:4 және өз алаңында испандық «Реалдан» 0:5 есебімен ірі жеңіліске ұшыраған болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: