Англия футбол федерациясы қазіргі бас бапкер Гарет Саутгейтке жаңа келісім-шарт ұсынып, жалақысын екі есе көбейткісі келеді, деп хабарлайды The Sun.
Саутгейт Англия құрамасына 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатында жетекшілік ететін болады. Бірақ Англия футбол федерациясы бапкер осы турнирден кейін Премьер-лигада бағын сынап көру үшін бірден кетіп қалуы мүмкін деп қорқуда. Тараптар арасындағы толыққанды келіссөздер 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу цикліндегі соңғы екі ойыннан кейін басталады.
Саутгейттің қазіргі келісім-шарты 2022 жылдың 21 шілдесіне дейін есептелген. Ол 2016 жылдың 30 қарашасынан бері Англия құрамасын баптауда.
Біздің серіктес: FONBET