Жарнама
Жарнама

Англия құрамасы бас бапкермен келісім-шартты ұзартты

23.11.2021, 04:59
Саутгейт әлем чемпионатынан кейін де Англия құрамасындағы жұмысын жалғастыра бермек.
Жарнама
Жарнама

Англия құрамасының бас бапкері Гарет Саутгейт жаңа келісім-шартқа қол қойды. Ол командада 2024 жылдың желтоқсанына дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметі.

Саутгейт 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатынан кейін де жұмысын жалғастыра бермек.

Саутгейттің басшылығымен Англия 2018 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалына дейін жетті. Ал биыл Еуропа чемпионатының финалында Италия құрамасына жол берді.

Жалпы, Саутгейт ұлттық құраманы 2016 жылдан бері жаттықтырып келеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров