Жарнама
Жарнама

Англия құрамасы тарихи рекорд орнатты

27.03.2022, 17:49
Кеше Гарет Саутгейт шәкірттері Швейцариядан басым түсті.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 26 наурызда Англия құрамасы Швейцариямен болған жолдастық кездесуде (2:1) жеңіске жетті. Матч барысында Люк Шоу мен Гарри Кейн, сондай-ақ Брил Эмболо гол соқты.

Opta Sports порталының хабарлауынша, Швейцариядан басым түскен Англия пенальти сериясын есептемегенде, жеңіліссіз сериясын 21 матчқа дейін ұзартты. Бұл Англия құрамасының тарихындағы ең ұзақ серия болып табылады.

Соңғы рет Гарет Саутгейт шәкірттері 2020 жылдың қарашасында Ұлттар лигасында Бельгиядан (0:2) жеңілген еді. Содан бері 17 ойында жеңіске жетіп, төрт рет тең түскен.

Осы матчта Кейн ұлттық құрама жейдесіндегі 49-шы голын соқты. Бұл көрсеткіш бойынша ол аты аңызға айналған шабуылшы Бобби Чарльтонды қуып жетті. Осындай нәтижеге қол жеткізу үшін Кейнге 68, ал Чарльтонға 106 кездесу қажет болды.

Еске салайық, Уэйн Руни Англия құрамасының үздік сұрмергені болып табылады. Ол 120 кездесуде 53 гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров