Француз жартылай қорғаушысы Усман Фане "Атырауда" қаралымнан өтіп жатыр, деп хабарлайды Meta-ratings.kz.
27 жастағы футболшы Усман Фане "мұнайшылардың" Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына қосылды. Футболшы "Атырау" сапында Украинаның "Агробизнес" клубына қарсы өткен жолдастық кездесуде бой көрсетті (0:1).
Фане бұған дейін Англияның төменгі лигаларының клубтарында ойнаған - "Олдхэм Атлетик" және "Шрусбери Таун". Француздың соңғы клубы малайзиялық "UiTM FC" командасы болды.
Біздің серіктес: FONBET