Жарнама
Жарнама

Англиядағы 5 сәтсіз трансфер

24.04.2014, 05:49
Жарнама
Жарнама
Ағылшынның журналистері Ағылшын Примьер-Лигасының осы маусымдағы 5 сәтсіз трансферін анықтаған жайы бар. Әрине, трансфердегі сәтсіздіктен ешкім сақтандырылған емес. Жаңа командаға ауысқан ойыншының өзін-өзі көрсете алмауына бірнеше себептер болуы мүмкін. Жарақат, психологиялық қысым, атмосфераға ене алмауы, команда тактикасында ойып тұрып орын ала алмауы деген секілді.                    Маруан Феллайни, «Эвертон» - «Манчестер Юнайтед», £ 27.5 млн Сэр Алекс Фергюсон дәуірінде, "Манчестер Юнайтедтің" ойынында осалдық байқалса, көбіне треуші жартылай қорғаушының болмауына әкеп тірейтін. Шынымен де, "қызыл сойқандар" осы позициядағы ойыншыға зәрутұғын. Ол тілектері былтыр орындалды. Бапкерлікке тағайындалған Мойес, "Эвертоннан" Маруан Феллайниды да ерте келді. Кейін анықтап бергендей, жаңа командада Мойестің де, Маруанның да айы оңынан туған жоқ. Артқан жүк, артқан үміт, өзі үшін төленген қомақты қаржы кедергі болған болар. ==============================================================================================                                              Эрик Ламела, «Рома» - «Тоттенхэм», £ 30 млн Абонент байланыс аясынан тыс жерде. Сенесіз бе, сенбейсіз бе "Тоттенхэм" тарихындағы сатып алынған ең қымбат футболшы. Ал қазір қайда? 2014-ші жылы бірде-бір рет жасыл алаңға щықпаған. Маусымның бірінші жартысында да, жарытып ойнай алмады. Барынша тырысқанымен, команда тактикасына ене алған жоқ. ==================================================================================   Мартин Демикелис, «Атлетико Мадрид» - «Манчестер Сити», £ 3,5 млн "Манчестер Сити" үшін бұл трансфердің құны қымбатқа түсті. Әрине, ақша жағынан емес. Ондай ақшаға шейхтар түскі тамағын ішетін болар. Негізі, Мартин Демикелес топ-клуб деңгейіндегі ойыншы емес. Уақытында "Баварияда" да осалдығын танытқан болатын. Чемпиондар Лигасында "Барселонаға" қарсы бірінші ойында осы Демикелес командасын жерге қаратқан еді. Трансфердің құны-Чемпиондар Лигасынан шығу мен Примьер-Лигадағы алтын болды. ===============================================================================================
                        Роберто Сольдадо, «Валенсия» - «Тоттенхэм» £ 26 млн
"Шпорлардың" жанкүйерлері Сольдадоға есті қалыпқа келтіретін дәрі ұсынуда. Қарсыластың қақпасына қалай гол салу керегін есіне түсіру үшін. Испанияда жалғыз өзі-ақ "Валенсияны" сүйреп жүрген Роберто, Лондонға келгеннен соң білгенінен жаңылды. 26 ойында 6 гол, онымен қоса оның төртеуі пенальтиден. Өте нашар нәтиже. "Тоттенхэм" басшылығының көздегені бұл емес еді. Енді, тіпті сатып алынған қаржының жартысына да Сольдадоны өткізе алмас.
==============================================================================
                 Месут Озил, «Реал Мадрид» - «Арсенал», £ 42 млн
Мүмкін, бұл тізімге Өзілді қосу ерте де шығар. Бірнеше жылдар бойы, Венгер тамаша ойыншыларды баптап, топ-клубтарға қомақты қаржыға сату ғана жалықтырған болу керек, осы маусымда қымбат, тәжірбиелі, талантты футболшыны сатып алуды ұйғарды. Чемпиондыққа таласу үшін. "Арсеналдағы" Өзілдің өмірі жақсы-ақ басталып еді. Нәтижелі пастар, соғылған голдар. Морт сынған шағы "Бавария" қақпасына салынбаған пенальти болуы да мүмкін. Осы ойыннан кейін, Өзіл атты тамаша футболшыны ұмыттық. Мәңгілікке емес деген үміт те жоқ емес.
================================================================================================
Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров