Жарнама
Жарнама

Англияның осы маусымдағы үздіктері

18.04.2014, 04:09
Жарнама
Жарнама
Кәрі құрлықтағы бүкіл топ-чемпионаттар секілді. Ағылшын Примьер-Лигасы да өз мәресіне таяп келеді. Тартысқа толы. Британдық журналистер чемпионның кім болатынын дөп басып айта алмаса да, сәйкесінше  Примьер-Лиганың осы жылғы үздік ойыншыларын, үздік бапкерін анықтаған жайы бар. Сонымен, осы жылғы маусымдағы Тұманды Альбионның үздіктерімен таныс болайық. Жазғы трансферде ауысып келген үздік футболшы: Үміткерлер: Виллиан("Челси"), Фернандиньо("Манчестер Сити"), Деян Ловрен("Саутгемтон"), Альваро Негредо("Манчестер Сити"), Кристтан Эриксен("Тоттенхэм") Жеңімпаз:  Фернандиньо("Манчестер Сити") Бұл номинацияда бір маусым бұрын Англияға ауысып келген футболшылар ішінен үздікті анықтайды. Кезіңде украиналық Шахтердың негізгі ойыншысы болған бұл бразилиялық, Англияға ауысқаннан кейін Бразилияның бас бапкері Сколори көзіне түсіп, ұлттық құрамаға шақырту алды. Қалалықтар сапында да аз уақыт ішінде негізгі құрамның ойыншысына айналды. Жартылай қорғаныста Яя Туре екеуі құраған жұп қазір Примьер-Лиганың үздік жартылай қорғанысы десек қателеспезбіз. Қорғанысқа жақын да, шабуыл өтіне жақын да өте жақсы ойнайды. Команда шабуыл жасап жатқан кезде, допты алдырып қойып, қарсылас қарсы шабуылға өте бергенге оларды тоқтатуға да шебер. Бүгінгі таңда Манчестер Сити жартылай қорғанысын Фернандиньосыз елестету қиын. Жылдың үздік жаттықтырушысы: Үміткерлер: Роберто Мартинес("Эвертон"), Маурисио Почеттино("Саутгемптон"), Стив Брюс("Халл Сити"), Брендан Роджерс("Ливерпуль"), Жозе Моуриньо("Челси") Жеңімпаз: Брендан Роджерс("Ливерпуль") Қарап отырсыңыз үздік атануға бесеуі де лайық. Моуриньодың биылғы Челсиі біріншілікте де, еурокубокте де жаман емес, Почеттино команда тарихындағы үздік маусысды өткізіп жатыр, Эвертонда Мойестың орнын жоқтатпауға келген Мартинес те Арсеналды артта қалдырып Чемпиондар Лигасынан бір-ақ шықпақшы. Бірақ, Роджерстың орны бөлек. Маусым басында, тіпті кейбіреулер ортаң қол команда санаған Ливерпуліміз, бүгін көш басында. Ливерпуль 25 жыл сонша аңсаған чемпиондықты еншілеуге жақын. Қолынан келсе, қызылдардың жанкүйерлері пір тұтпақ. Басқа-басқа жексенбі күнгі Манчестер Ситиді жеңгеннен кейін, Джеррардтың көз жасы неге тұрады? Осы маусымдағы Ливерпульдың ойынына бүкіл әлем ғашық болған шығар. Еңбегі зор Брендан Роджерстың. Жыл жаңалығы: Үміткерлер: Джей Родригес("Саутгемптон"), Рахим Стерлинг("Ливерпуль"), Аарон Рэмси("Арсенал"), Дэниэл Старридж("Ливерпуль"), Сесар Аспиликуэта("Челси") Жеңімпаз: Джей Родригес("Саутгемптон") Бір кездері осы ойыншы үшін 6 миллион еуро қиғанда, бәрі осынша ақша далаға кетті-ау деген еді. Бірақ, осы маусымдағы футболшының көрсеткен ойын өрнегіне қарап ол сөздердің бірң бекершілік екен дейміз. Көрсеткен дейтініміз, Родригес бұл маусымда алаңға шықпайды. Жақында ұлттық құрамадан шақырту алғанымен. қырсық шалып, жарақат алып, біраз уақыт алаңнан тыс тыныстамақ. Саутгемтонда ойнап жүріп-ақ, Уэйн Руни, Азар, Жиру секілді майталмандар салған голдарды ол да тоғытты. Топ-клубтардың да қызығушылығына да іліккен. Оның ішінде Арсенал да бар. Ең жас ойыншы(21 жасқа дейін) Үміткерлер: Рахим Стерлинг("Ливерпуль"), Ромелу Лукаку("Вест Бромвич"), Росс Баркли("Эвертон"), Аднан Янузай("Манчестер Юнайтед"), Люк Шоу("Саутгемптон") Жеңімпаз: Рахим Стерлинг("Ливерпуль") Стерлинг өте жас болса да, қызылдар сапындағы негізгі ойыншылардың бірі. Шабуылда Суарес, Старридж секілді сұрмергендердің көлеңкесінде қалған емес. Тіпті, кейде олар үнсіздік танытқан кезде, ойын тізгінін өз қолына алып, команданы сүйреп шыққан кездері де болған. Британ журналистерінің пікірі бойынша, Примьер-Лигадағы ең үздік жас ойыншы Рахим Стерлинг. Біздің де, болашағы зор ойыншының мықтылығын мойындаймыз. Жылдың үздік ойыншысы:  Жеңімпаз: Луис Суарес("Ливерпуль") Әрине, үздік футболшы күмәнсіз Су-Су-Суааа-Рееееееееееес! Ешкімде дауласпайды. Старридж екеуі осы маусымда нағыз бандаға айналды. Суарестың еншісінде 29 гол. Суарестың мықтылығын дастан қылып жырлаған да осы маусымда. Келесі маусымда, Ливерпуль сапынан кетпесе, Чемпиондар Лигасында да біраз шулататуы әбден мүмкін.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ
 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров