Жарнама
Жарнама

Англияның сәуірдегі үздіктері анықталды

02.05.2014, 22:45
Жарнама
Жарнама
193636-toni-pulis-obygrat-takoj-velikij-klub-istinnoe-udovolstvie-stouk-siti-liverpul-3-1-premer-liga-19-tur-   Ағылшын футбол федерациясы "Кристал Пэлас" бас бапкері Тони Пьюлисті өткен айдың үздік бапкері деп таныды. Пьюлис осы маусымда кез-келген бапкердің қолынан келе бермейтін ерлік жасады. Турнир сатысының ең соңында тұрған команданы өз біліктілігінің, өз тактикасының және нағыз бапкерге тән басқа да  қабілеттерінің арқасында ғана жоғарғы лигадағы орнын сақтап қана қойған жоқ, "Кристал Пэласті" нағыз ортаншы командалар қатарына өзі жетелеп әкеп қосқандай болды. Бюджеті Премьер-лигадағы ең төмен командалардың бірі. Дәл осы команда сәуір айын тәуір дегеннен де жақсырақ өткізді. Тіпті, өздерінің бірнеше жылдан бері өзгермей келе жатқан клубтық рекордтар кітабына да біршама түзетулер енгізіп үлгерді. Пулис командасы сәуірде 5 ойынның 4-де жеңіске жеткен,1 жеңіліс. Бұған "қырандардың" наурыз соңында "Челсиді" тізе бүктіргенін қосып қойыңыз. Осының бәрі негізінен бас бапкердің арқасы. Сәуір айының ең үздік ойыншысы номинациясын "Сандерленд" клубының 21 жасар шабуылшысы Конор Уикхэм жеңіп алды. Англия жастар құрамасының ойыншысы өткен айда 5 гол соққан. "Челси" қақпасына біреу және "МанСити" мен "Кардиффке" дубль жасаған. Конор Уикхэмнің командасы бұл ойыншының жақсы ойнағанына қарамастан әлі де болса Премьер-лигамен қоштасу қаупі бар аймақтан кете қойған жоқ. Сондықтан, "Сандерленд" келесі дивизионға кететін болса, бұл жас талантты шабуылшы клуб ауыстырып қалуы әбден мүмкін. Еуропа гранттарының біріне ауысып жатса да таң қалмаймыз. 86480_900  
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Алдыңғы жаңалық
"Реал" көш бастады
Келесі жаңалық
Жігерлі жеңіс