Жарнама
Жарнама

АНГЛИЯНЫҢ ЖЫЛ ФУТБОЛШЫСЫ АТАНДЫ

29.04.2014, 20:18
Жарнама
Жарнама
Кәсіпқой футболшылар қауымдастығы «Ливерпуль» командасының шабуылшысы Луис Суаресті Англия премьер-лигасының 2013-2014 маусымындағы үздік ойыншысы деп таныды. Бұл туралы Англия футбол қауымдастығының ресми сайты хабарлайды. 
27 жасар Уругвай құрамасының футболшысы чемпионаттың 31ойынында 30 гол салып, 17 нәтижелі пас шығарып берген.Бұл тізімде екінші орынды «Челсидің» жартылай қорғаушысы Эден Азар еншілесе, үздік үштікті «Манчестер Сити» командасының жартылай қорғаушысы Яя Туре түйіндеді.Сондай-ақ, Азар үздік жас футболшы атанды. ҚазАқпарат
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров