Жарнама
Жарнама

Ансу Фати мен Серхио Рамос ерекше жетістікке қол жеткізді

07.09.2020, 15:14
Кеше Испания Украинаны 4:0 есебімен жеңген болатын.
Жарнама
Жарнама

Испания шабуылшысы Ансу Фати ұлттық құраманың тарихындағы гол соққан ең жас футболшы атанды. Фати УЕФА Ұлттар лигасындағы Украина құрамасымен болған матчта гол соқты (4:0). Шабуылшының жасы 17 жыл және 311 күнді құрады.

Сонымен қатар, Фати - соңғы 84 жылдағы Испания құрамасындағы ең жас дебютант атанды.

Фати - "Барселонаның" түлегі. Өткен маусымда шабуылшы Испания чемпионатының 24 матчына қатысты (11 - бірінші құрамда), жеті голдың авторы болды, бір голдық пас берді, сондай-ақ екі сары және бір қызыл қағаз алды. Футболшының клубпен келісімшарты 2022 жылдың жазына дейін жасалған.

Ал Испания құрамасының қорғаушысы Серхио Рамос ұлттық құрама тарихындағы бомбардирлер арасында 8-ші орынға көтерілді. Рамос Украина құрамасымен болған матчта дубль жасады (4:0). Осылайша, футболшы Испания құрамасындағы 23-ші голын соқты. Осы көрсеткіш бойынша ол Альфредо Ди Стефаноны қуып жетті.

Испания құрамасындағы үздік бомбардирлер:

1. Давид Вилья - 59 гол;

2. Рауль - 44;

3. Фернандо Торрес - 38;

4. Давид Сильва - 35;

5. Фернандо Йерро - 29;

6. Фернандо Морьентес - 27;

7. Эмилио Бутрагеньо - 26;

8-9. Альфредо Ди Стефано - 23;

8-9. Серхио Рамос - 23;

10. Хулио Салинас - 22.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров