Жарнама
Жарнама

Ансу Фати рекорд орнатты

04.09.2020, 16:15
Кеше Фати Испания құрамасы үшін екі гол соққан болатын, бірақ ешқайсысын есепке алмады.
Жарнама
Жарнама

Каталондық "Барселонаның" ойыншысы Ансу Фати Испания құрамасында рекорд жасаған фйтболшылардың біріне айналды.

Германия құрамасымен УЕФА Ұлттар лигасының 1-тур ойынында дебют жасаған (1:1) Фати кездесудің 46-минутында алаңға шықты. Оның жасы 17 жыл 308 күнді құрады. Осылайша, ол Испания құрамасының соңғы 84 жылдағы ең жас дебютанты атанды.

Алдыңғы рекордтар екі ойыншыға тиесілі болған - Педро Регейро 17 жас 167 күн (1927ж) және Анхель Зубиета 17 жас 282 күн (1936ж).

Қазіргі кезде Криштиану Роналду, Хамес Родригес және Диего Костаның агенті болып табылатын португалиялық Хорхе Мендес Ансу Фатидің жаңа агенті болып тағайындалды. «Барселона» үшін өткен маусымда 17 жастағы жартылай қорғаушы барлық турнирлерде 33 кездесуге қатысып, 8 гол және бір нәтижелі пас берген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров