Жарнама
Жарнама

Антальядағы ОЖЖ кезекті кездесуінде тең тарқасты

“Ордабасы” - “Шкендия” жолдастық ойынының жеңімпазы анықталмады.

Жарнама
Жарнама

Белекте болған ойында Шымкент ұжымынан жалғыз голды әуе корольі Сергей Малый бұрыштамадан соқты. Бұл жолдастық ойынға бапкер Андрей Мартин Әли Тұрғанов, Мағжан Тоқтыбай және Жасұлан Әмір есімді жас ойыншыларды алаңға шығарды. 

Ендігі келесі кезекте “Ордабасы” 5 ақпан күні “Балтикамен” матч өткізеді. Одан кейін, қазақстандық ұжымды “Алашкерт”, “Андижонға” ойындар күтеді.

Естеріңізде болса, Түркиядағы жиындардағы алғашқы жолдастық кездесуін шымкенттіктер 26 қаңтар күні болгариялық Септемвриге қарсы өткізіп, 2:1 есебімен жеңді. Аталған кездесуде оңтүстік ұжым сапынан Эвертон Мораэс пен Әлібек Халдар көзге түсті. 

 

  

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: