Жарнама
Жарнама

Антон Чичулин «Атырау» клубынан кетті

08.01.2016, 22:17
Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы қорғаушысы Антон Чичулин «Атырау» клубы сапынан кетті.
Жарнама
Жарнама
«2015 жылдың қараша айында менің «Атырау» клубымен келісім-шартым аяқталды. Клуб басшылары маған жаңа ұсыныс жасамады. Сондықтан да мен клубтан кеттім. Астанада өздігімнен жаттығу жұмыстарын жасап жүрмін. Алдағы уақытта нақты қай клубта өнер көрсететінімді білмеймін. Дегенмен де, Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін екі клубтан ұсыныс түсті. Қазір сол клубтармен келіссөздер жүргізіп жатырмын. Шамамен бір аптаның ішінде қай клубқа ауысатыным белгілі болатын шығар»", - дейді футболшы Айта кетейік, Антон Чичулин «Атырау» клубының сапына 2015 жылдың басында қосылған болатын. Оған дейін 31-жастағы қорғаушы «Жеңіс», «Ақтөбе», «Ертіс», «Гиресунспор» секілді клубтардың намысын қорғаған. aaaaaaaaaaa kazfootball.kz
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров