Жарнама
Жарнама

Антони Марсьяль мансабын басқа командада жалғастырады

11.12.2021, 02:35
Футболшының агенті нақты мәлімдеме жасады.
Жарнама
Жарнама

Шабуылшы Антони Марсьяль осы қыста «Манчестер Юнайтедтен» кеткісі келеді.

«Антони қысқы трансферлік терезеде клубын ауыстырғысы келеді. Оған ойын тәжірибесі қажет. Ол командада қалғысы келмейді, жақын арада бұл мәселені басшылықпен талқылаймыз», - деді футболшының агенті Филипп Ламболи Sky Sports порталына берген сұхбатында.

Марсьяль 2015 жылдан бері «Манчестер Юнайтед» клубының намысын қорғауда, «қызыл сойқандар» француз шабуылшысын «Монакодан» 60 миллион еуроға сатып алған еді. Ойыншының клубпен келісім-шарты 2024 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.

Ағылшын Премьер-лигасының ағымдағы маусымында Марсьяль алты ойынға қатысып, бір гол соқты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров