Антони Марсьяль мансабын Ла Лигада жалғастырады

25.01.2022, 15:10
«Манчестер Юнайтед» футболшыны жалға бермек.

«Севилья» «Манчестер Юнайтедпен» шабуылшы Антони Марсьяльды жалға алу туралы мәмілеге келді, деп хабарлайды инсайдер Фабрицио Романо.

Дереккөздің хабарлауынша, 26 жастағы футболшы жақын арада испаниялық командаға қосылады. «Севилья» маусымның соңына дейін Марсьяльдың жалақысын төлеуді өз мойындарына алды. Футболшы бүгін, 25 қаңтарда өзі тұратын Парижден Севильяға аттанып, медициналық тексерістен өтеді.

Бұған дейін Марсьяльға «Барселона», «Атлетико» және «Ювентустың» қызығушылық танытқаны хабарланған болатын.

Марсьяль «Манчестер Юнайтедке» 2015 жылы «Монакодан» ауысты. Трансфер құны 60 миллион еуроны құрады. Осы маусымда Антони манкуниандықтар үшін Премьер-лигада 8 матч өткізіп, бір гол соқты.