Жарнама
Жарнама

Антонио Арена елді өз аузына қаратты

16 жастағы шабуылшы кәсіби деңгейдегі алғашқы кездесуінде футбол тарихына кірді.

 

Жарнама
Жарнама

"Рома" командасы Италия Кубогының 1/8 финалында Торинодан 2:3 есебімен жеңіліп қалды. Алайда бар қызық ойынның 81 минутында тіркелді. Леон Бейлидің орнына алаңға алмасып кірген Антонио Арена кәсіби футболдағы дебютты матчының бір минутында гол соғып, көзге түсті. Және 2009 жылы туылған құрдастары арасында топ-5 лигада нәтижелі әрекет тіркеген алғашқы 16 жастағы ойыншы атанды.

Айта кетейік, Антонио бұған дейін “Романың” U-20 командасында өнер көрсетіп келді. Онда ол барлығы 12 ойында, 5 гол соғып, Джанпьерро Гасперини назарына ілікті. Енді міне Арена алғашқы кездесуінде-ақ, допқа бірінші жанасумен голдық әрекет тіркеп, болашағынан үлкен үміт күттіретін ойыншы екенін дәлелдеді. 

Еске салайық, “Рома” командасы келесі кездесуін дәл осы “Ториноға” қарсы ішкі чемпионаттың 21-туры аясында өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: