Жарнама
Жарнама

Антонио Кассано: “Италия футболы – жаны жоқ ойынға айналды.”

24.10.2025, 08:00

Италиялық бұрыңғы футболшы Антонио Кассано ел біріншілігінің қазіргі деңгейіне қатты наразы екенін ашық айтты. Оның пікірінше, қазіргі Серия А-ның сапасы тым төмендеп кеткендіктен, жанкүйерлер үшін ойындарды көрудің өзі азапқа айналған.

Жарнама
Жарнама

Кассано бұл пікірін Чемпиондар лигасының үшінші турынан кейін білдірді. Бұл турда төрт Италиялық клубтың тек “Интері” ғана жеңіске жеткен. Миландықтар “Унионды” 4:0 есебімен ұтты. Ал “Наполи” ПСВ-дан 2:6 есебімен ойсырай ұтылып, “Ювентус” “Реал Мадридке” 0:1 есебімен есе жіберді, ал “Аталанта” “Славиямен” тең түсті.

“Қазір Италия чемпионаты мүшкіл халде. Онда сезім, рух қалмаған. Серия А жанкүйерлердің сүйіспеншілігі мен адалдығының арқасында ғана өмір сүріп тұр. Бірақ футболдың сапасы өте төмен — бұл ұят жағдай. Кейбір матчтарды көрудің өзі азап. Ырғақ жоқ, динамика жоқ, тек жансыз доп сүйрелеу ғана.” — деді Кассано.

Оның айтуынша, Италиялық клубтар Еурокубоктардағы бұрынғы беделінен айрылған. “Интердің” жеңісі — сирек кездесетін ерекшелік, ал қалғандары Еуропадағы қарқынды ойынға ілесе алмай келеді. Бұған ел ішіндегі баяу ойын ырғағы мен шабытсыз футболшылар себеп.

Көптеген сарапшылар да Кассаноның пікірін ішінара құптайды. Соңғы жылдары Серия А-да қорғанысқа негізделген ойын басым болып, шабуылдаушы креатив азайған. Бұл Италия футболының Еуропа стандарттарынан қалып қоюына әкеліп отыр.

Айта кетсек, Антонио Кассано өз кезінде “Рома”, “Милан” және “Интер” клубтарында ойнап, Италия құрамасының жарқын ойыншысы ретінде есте қалған. Бүгінде ол туған еліндегі футболдың болашағына қатты алаңдап, “Серия А-ны қайта тірілту үшін нақты реформалар қажет” деп санайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров