«Интер» футбол клубының бас бапкері Антонио Конте клубтағы жұмысы жайлы, трофейлер және жалақысы туралы ойымен бөлісті.
«Трофейлер - бұл үлкен жұмыстың айқын нәтижесі. Жеңіске жетпей жетістікке жету әрине мүмкін емес нәрсе. Мұндай жетістікке тек қажырлы еңбекпен жетуге болады.
Менің жалақым - бұл менің мансабымда ең үлкен еңбек еткендігімнің нәтижесі. Футболда бәрін бірден өзгерте алмайсың ол үшін соңына дейін тер төгу қажет. Алғашқы төрт жылда тіпті Юрген Клопп жаттықтырған «Ливерпуль» де ештеңе жеңе алмады. Әр маусымда үздіктер командасын құру уақыт пен сабырлы болуды қажет етеді. Соңғы жылдары Италия командалары нағыз керемет ойын өрнегін көрсетуде.
«Интерге» келгенде мен клубтың ішкі құрылымы туралы ештеңе білмедім. Барлығын анықтауға біраз уақыт жұмсадым. Енді мен бәрін білемін, бұл үлкен жетістік. Бір жыл ішінде көп нәрсе өзгерді. «Интер» клубы мені қолдайды. Біз алға жылжудамыз», - деді Конте La Gazzetta dello Sport басылымына берген сұхбатында.
Дархан Қасымхан
Біздің серіктес: FONBET