Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Антонио Рюдигер Испания Кубогының финалында "Барселонаға" қарсы өткен ойында төрешіге шабуыл жасау әрекеті үшін ұзақ мерзімді дисквалификация алуы мүмкін, деп хабарлайды Championat.com.
Оқиға матчтың соңғы минуттарында орын алды. Килиан Мбаппенің Эрик Гарсияға жасаған өрескел қимылына төрешінің ысқырық шалғаны үшін агрессивті наразылық білдірген Рюдигер қызыл қағаз алды. Қызыл қағаз алған соң Рюдигер өзін ұстай алмай, төрешіге қарай ұмтылды, алайда оны командаластары дер кезінде тоқтатты.
Кейін Рюдигер қосалқы құрам орындығында отырып, төрешіге мұз салынған пакетті лақтырып жіберді. Кейін оны киім ауыстыратын бөлмеге алып кеткенімен, аз уақыт өткен соң ол төрешіге тағы да жақындамақ болды.
Айта кетсек, аталған финалдық матч қосымша уақытта жалғасып, "Барселона” 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET