Жарнама
Жарнама

Антонио Рукавина: «Егер Алматыда жеңсек, чемпион болатынымызға сенімдімін»

18.10.2021, 22:29
Қос команда арасындағы матч 24 қазан күні өтеді.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» вице-капитаны Антонио Рукавина Sputnik.kz сайтына берген сұхбатында «Қайсарды» жеңгені (2:0) туралы және алматылық «Қайратпен» болатын келесі ойын жайлы пікір білдірді.

- Антонио, сіз «Астана» сапында 100 матч өткіздіңіз. Бұл сіз үшін нені білдіреді?

- Бұл өте маңызды нәтиже. Клубта мұндай нәтижеге жету әрқашан жағымды әсер сыйлайды, әсіресе менің жасымда (күледі). Әрине, мен «Қайсарды» жеңе алғанымызға өте қуаныштымын, сондықтан бұл мен үшін ерекше күн.

- Сіз чемпионатқа басты бәсекелесіңіз «Тобылдың» жеңіске жеткенін біле отырып, «Қайсармен» болатын ойынға шықтыңыз. Қателікке жол бермейтін кезде ойнау психологиялық тұрғыдан қаншалықты қиын?

- Әрине, бірінші кезекте ойынға және нәтижеге қарау керек. Егер біз барлық кездесулерімізде жеңіске жетсек, біз «Тобылдың» нәтижесіне қарамастан чемпион боламыз. Бірақ біз олардың ойындарын қадағалаймыз. Біз олардың «Қызыл-Жарды» жеңгені туралы білдік. Қазір біз олармен үстел теннисін ойнаудамыз, анығырақ айтқанда, әр жаңа жеңістен кейін олар допты бізге беруде. Психологиялық тұрғыдан қиын болды. «Қайсар» Бірінші лигаға түсіп қалды және «қағаз жүзінде» барлығы бізді фаворит санады. Бірінші тайм біз үшін нәтиже бермеді - біз мүмкіндіктерді пайдалана алмадық, пенальти соқпадық. Дегенмен, команданың мінезі жеңісті жұлып алуға көмектесті.

- Келесі матч «Қайратпен» болады. Бұл ойыннан не күтесіз?

- Бұл қиын ойын болады - бізге тек жеңіс қажет. Бізді тең ойын қанағаттандырмайды. Мен жаңа маусымның күнтізбесін алғаш рет көргенде, бәрі соңғы кезеңде «Қайратпен» болатын матчта шешілетінін айттым. Және осылай болды да. «Қайрат» пен «Астана» арасындағы матч әрқашан қазақстандық футбол үшін сыйлық болып табылады. Егер Алматыда жеңсек, чемпион болатынымызға сенімдімін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров