Жарнама
Жарнама

Антонио Рукавина мансабын аяқтады

09.11.2021, 17:09
Рукавина келесі жылдың басында 38 жасқа толады.
Жарнама
Жарнама

«Астананың» 37 жастағы сербиялық қорғаушысы Антонио Рукавина футболшы ретіндегі мансабын аяқтағанын хабарлады, деп хабарлайды Спортс Журнал басылымы.

«Мен «Астанада» керeметтей үш жылымды өткіздім. Баннерлер мен жылы лебізге толы хабарламаларды күтпедім. Мен «Астанаға» мансабымның керемет соңғы жылдары үшін алғыс айтуым керек. Қаңтарда 38-ге толамын. Менің ойымша, отбасы туралы ойланатын кез келді. Мен өмірімде жаңа тарауды бастауды жоспарлап отырмын», - деді Антонио.

Антонио Рукавина келісім-шарт мерзімі біткен соң «Астанадан» кету туралы шешім қабылдады. Ол қазақстандық клуб сапындағы 105 ойынның соңғысын Қазақстан кубогінің жартылай финалында «Қайратқа» қарсы өткізді (0:3). Қорғаушы қарымта ойынға қатыспайды. Ол елордалық клубтағы соңғы матчын «Астана Аренада» өткізгісі келген екен.

Рукавина бұған дейін «Партизан» (2007), «Боруссия Дортмунд» (2008), «Мюнхен 1860» (2009-12), «Вальядолид» (2012-14) және «Вильярреал» (2014-18) командаларында ойнаған. Ал Сербия құрамасы үшін 59 ойынға қатысқан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров