Жарнама
Жарнама

Антонио Рукавина: «Жасыл алаңға оралып, командаға көмектескеніме өте қуаныштымын»

23.10.2020, 18:57
Рукавина жарақатына байланысты ұзақ уақыт бойы ойнамаған еді.
Жарнама
Жарнама

«Астана» 14-ші тур аясында «Тобылды» 1:0 есебімен жеңді. Кездесу соңында елорда командасының қорғаушысы Антонио Рукавина жаңа бас бапкер жайлы және өзінің жағдайы туралы айтып берді.

- Жүлдеге таластағы тікелей бәсекелеске қарсы ауыр ойын болды. Бүгін жарқын ойын үлгісін көрсетпесек те, маңызды үш ұпайға қол жеткіздік.

- Сіз жарақатыңызға байланысты ұзақ уақыт алаңға шыққан жоқсыз. Қазіргі жағдайыңыз қалай?

- Жасыл алаңға оралып, командаға көмектескеніме өте қуаныштымын. Қазір барлығы жақсы, алдағы бірнеше ойыннан кейін өз бабыма келемін деп ойлаймын.

- Команда тізгініне жаңа бас бапкер келді. Ол бес күн ішінде командамен байланыс орнатып үлгерді ме?

- Тихоновтың футболдағы тәжірибесі өте мол, ол футболды өте жақсы түсінеді, оның ойынға деген өз көзқарасы бар. Команданың қалай ойнау керек екенін бізге жеткізуге тырысып жатыр. Команда осы аптада бірде-бір рет толық құрамда жаттығу жасамағанын ескерсек, бес күнде бір нәрсені өзгерту өте қиын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров