Жарнама
Жарнама

Антонио Рюдигер «Реал Мадрид» ойыншысы атанды

03.06.2022, 00:00
Футболшы мадридтік клубпен төрт жылдық келісім-шартқа отырды.
Жарнама
Жарнама

Мадридтік «Реал» ресми түрде «Челсидің» қорғаушысы Антонио Рюдигерді қатарға қосқанын хабарлады.

29 жастағы неміс футболшысы мадридтік клубқа еркін агент ретінде қосылып, 4 жылдық келісім-шартқа отырды.

Рюдигер «Челсиде» 2017 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетті. 2021/22 жылғы маусымда лондондық клуб үшін 54 матчта 5 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

«Челси» құрамында қорғаушы Англия кубогін, Чемпиондар лигасын, Еуропа лигасын, УЕФА суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров