Еуро-2016 турнирінде Қазақстанның қола жүлдегер атануына себепкер болған Какау бапкер Өзбекстандағы мундиальді ел құрамасы жақсы бастады дейді.
“Мен Қазақстанның Испанияға қарсы кездесуін тамашаладым. Кака командасы мен күткен нәтижеге қол жеткізді. Испания бұрынғыдай мықты ұжым емес. Қазақстан испан жігіттеріне қарсы сауатты ойнады. Әсіресе қақпашы Лео Игитаны ерекше атап өткен жоқ. Қазақстан мына талпынысымен Әлем чемпионатының финалына шығатындай жағдайда. Алға, Қазақстан!”.
Онымен қоса, Какау бапкер ел құрамасының Ливияға қарсы ойынында біздің жігіттерден ірі есеп күтетіндігін айтып өтті.
Айта кетейік, осыдан төрт жыл бұрын Какау Қазақстан құрамасын Испаниямен қатар қойған болатын.
Еске салайық, ел құрамасы Әлем чемпионатындағы Ливияға қарсы кездесуін 18 қыркүйек күні “Андижан” спорт-кешенінде өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET