Жарнама
Жарнама

Аңыз қақпашы футболмен қоштаспақ

16.01.2019, 04:25
Жарнама
Жарнама
"Арсенал" командасының қақпашысы Петер Чех осы маусымның соңында спорттық мансабымды аяқтаймын дейді. Өзінің осы шешімін ол баспасөзге жария етті. Гиннес рекордтар кітабына енген қақпашыны күллі әлем фанаттары қимайтыны анық. Ол Ағылшын премьер лигасында 202 ойында қақпасына гол жібермеген. Екінші орында тұрған Дэвид Джэймсте 169 ойын. Чехиялық қақпашы оны осыдан 3 жыл бұрын-ақ озып кеткен еді. Сондай-ақ Петер Чех чемпион атағын 4 рет алған қақпашы. Одан озып тұрған тек Петер Шмейхель. Дат қақпашысы 5 мәрте ел чемпионы атанып еді.