Жарнама
Жарнама

Аңыздар айқасы

05.01.2012, 07:56
Жарнама
Жарнама
[caption id="" align="aligncenter" width="394" caption="Демба БА бас бапкердің де сенімін ақтады"][/caption]

Түн ұйқыны төрт бөліп тағы да футбол көрдік. "7" арнаның эфирінде "Ньюкасл" мен "Манчестер" арасындағы тартысты матч. "Юнайтедтердің" қайсысы ұпай еншілер екен?

"МЮ" үшін шабуылшылар жұбының қайтадан орны толғандай еді. Өткен кездесуде Эрнандес алаңға шықса, бұл жолы негізгі құрамда Руни болды. Слоңғы кездесулерде керемет нәтиже көрсетіп жүрген Димитар Бербатовты да айта кеткен жөн."Қызылдар" қайтадан қалыпқа келе бастаған секілді.

Де Хеа шыққан ойында "МЮ" міндетті түрде гол жібереді. Алекс бапкер бұл жолы Линдегардты шығарыпты. Жалпы, манкуняндықтардың негізгі құрам ойыншылары дегеннің өзі хоккейдегідей звеноға бөлінетін сияқты әсер қалдырады.

Демба Ба дегенжұлдыз шыққан Англия футболында. Өзінің 15-голын осы ойынның бірінші таймының ортасына таяған тұста соқты. Керемет гол болды. Әдемі, бір ғана аяқтың қойысымен Линдегардты қапыда қалдырды. Қақпашының оң бағана тұсқа іліп қойған сүлгісі ғана бұл маңда көзге түсті. Доп тура қызыл сүлгінің үстінен дөп тиді. Қуанышын жасыра алмаған Демба Ба Аппон-Тайндағы жасыл алаңды сүйді. Бобби Робсон, Алан Ширерлер жүрген киелі топырақтың құнын білсе керек.

"Ньюкасл" өз алаңында екінші нөмермен ойнағанға еш ұялмады. Себебі, қарсылас "МЮ". Қарымта шабуылдар бірінші таймның негізгі ойын сұлбасына айналды. Қарымталардың топтамасынан тұратын шабуылға куә болып отырдық.

Қайталаудан Рунидің гол соға алмаған сәтін көрсетуде. Жалғыз қауіпті деуге тұрарлық жағдай осы ғана.

Екінші тайм басталысымен Кабайе есепті еселеп, ойынды одан әрі шиеленістіре түсті. Екінші гол  да керемет әдемі соғылды. Нағыз ағылшын футболының үздік дәстүріндегі матч тамашалап отырмын. Осы матчты көрген барша жанкүйерлер де және футболдан аса қатты хабары жоқ адамдар да ләззат алды деп ойлаймын.

Эрнандес пен Уэлбек алаңға кірді. Әзірге "динозавр" өз міндетін жақсы атқаруда. Бұл ойыншыны Капелло ұлттық құрамаға шақыртқаны бекер емес секілді. "МЮ" ұарсыласты толықтай қыспаққа алғанымен, шабуыл сәтсіз аяқталуда.

Тағы бір жарақатынан айыққан ойыншы Андерсон алаңға шықты. Пастары әзірге әдемі өтуде. Қазір ғана Уэлбекке асырған пасын көрдік. Сөз жоө. Мұндай алыс пасты дәл, керемет орындайтын санаулы ғана ойыншы бар.

Қорғаушы қателігі орын алып, үшінші гол да қақпаға енді. "Манчестер" есепті теңестіремін деп, тактиканы дұрыс таңдай білген Алан Пардью командасының тұзағына түсіп қалды.

 Мінекей, осымен ойын аяқталды. Есеп 3-0. Ойын алдында дәл осылай болады деп кім ойлады. Осындай ойындардан кейін футбол туралы түсінігіміз молайа түспек. Қазақстан аумағында "7" арна арқылы осы кездесуге куә болған жас жеткіншектер болса немесе жас балалары бар әкелер Қазақ футболын осындай деңгейге көтеру үшін сәл де болса ойлануы тиіс. Балаңызды футбол үйірмесіне беріңіздер, ағайын. Мүмкін, ел футболының ертеңі болып, Ба секілді миллиондардың мақтанышы болу бақыты балаңызға бұйырып тұрған шығар.

Матчты тамашалаған Ермұхамед МӘУЛЕН

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров