Жарнама
Жарнама

Аңыздар кубогінің қашан өтетіні белгілі болды

14.12.2021, 18:34
Биыл аталмыш турнирде Ресей аңыздар топ жарған еді.
Жарнама
Жарнама

Legends Cup-2022 турнирінің қашан өтетіні белгілі болды. Жыл сайын ұйымдастырылатын бұл турнир келесі жылдың 28-30 қаңтарында Мәскеуде өтеді.

Турнирге 6 команда қатысады. Ресей аңыздарынан басқа Испания, Португалия аңыздары және Жұлдыздар командасы да бақ сынап көрмек. Үш жылдық үзілістен кейін Италия да жарысқа қатысатынын растады. Сондай-ақ Хорватия құрамасы тарихта алғаш рет аталмыш турнирде өнер көрсетпек.

28 қаңтар – толығымен балаларға арналады. Футбол жұлдыздары шеберлік сабақтары мен фотосессияларға қатысады. Сондай-ақ балалар арасында турнир өтеді, онда шетелдік және отандық футбол аңыздары балаларға тәлімгер болады.

Ал Legends Cup-2022 аясындағы ойындар 29 және 30 қаңтар күндері өтеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров