"Вильярреал" мен "Реал Овьедо" командалары арасындағы кездесумен Ла лиганың жаңа маусымы шымылдығын түрді. Бұл матч Санти Касорла үшін айрықша маңызға ие болды.
1996-2003 жылдары Санти "Овьедо” клубының түлегі болды. Алайда дарынды жас футболшыны "Овьедо” сақтап қала алмай, оны "Вильярреалға” беруге мәжбүр болған еді. Дәл осы "Вильярреалда” Касорла команданың негізгі ойыншыларының біріне айналып, жұлдызын жарқырата білді.
Ауыр жарақат алып, қайтадан жасыл алаңға оралғаннан кейін Санти кәсіби жолының соңына қарай туған клубы "Овьедоға" қайта оралды. Ол тіпті мүмкін болған ең төменгі жалақыға келісім жасап, командасына қолдау білдірді.
Кеше Санти Касорла алғаш рет Ла Лигада "Овьедоның” жейдесімен "Вильярреалға” қарсы алаңға шықты. Бұл тарихи сәттің алдында оның бұрынғы әріптесі Маркос Сенна оған арнайы сый жасады. 334 нөмірлі жейде. Бұл Касорланың "Вильярреал" сапындағы өткізген ресми ойындарының саны.
Санти Касорла матчтан кейін эмоциясын жасыра алмай:
"Бұл мен үшін өте ерекше сәт болды. Өмірімнің жартысын осы жерде өткіздім. Өз үйіме қайта келгендей әсер алдым. Осындай жылы қарсы алғандарыңызға алғыс айтамын. Командам жеңілгенімен, жанкүйерлердің есімімді қайта-қайта атағаны жүрегіме жылулық сыйлады." – деді ол.
Біздің серіктес: FONBET