Жарнама
Жарнама

“Анжи Махачкаланың” кәсіпқой клуб мәртебесінен айырылуы Самуэль Это’ О-ға байланысты ма?

05.11.2025, 17:30

2011 мен 2013 жылдар аралығында Камерундық Самуэль Это’ О Ресейдің "Анжи Махачкала" клубында әлемдегі ең жоғары жалақы алатын футболшы атанған.

Жарнама
Жарнама

Это’ О аптасына 365 мың фунт стерлинг (шамамен 180 миллион теңге) жалақы алып тұрған. Бұдан бөлек, оның келісімшартына ерекше шарт енгізілген — футболшыны жеке ұшақпен күн сайын Мәскеуге апарып-әкелу, өйткені Махачкала мен Мәскеу арасындағы арақашықтық шамамен 1200 шақырым еді.

Алайда клубтың тарихы ұзаққа созылмады. 2022 жылдың маусым айында "Анжи Махачкала” қаржылық қиындықтарға байланысты кәсіпқой клуб мәртебесінен айырылып, содан бері ресми түрде ойнамай келеді.

Самуэль Это’ Оның "Анжидегі" көрсеткіштері:

  • Ойындар саны: 73
  • Голдар: 36
  • Нәтижелі пас: 16

Бұл кезең – клуб тарихындағы ең жарқын, бірақ сонымен бірге ең қысқа дәурендердің бірі ретінде есте қалды. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров