Жарнама
Жарнама

АПЛ басшылығы турнирді тоқтатпайтынын мәлімдеді

21.12.2021, 16:11
Бір командада 13 ойыншы мен бір қақпашы болса, матчты кейінге шегермейді.
Жарнама
Жарнама

Кеше, 20 желтоқсанда Ағылшын Премьер-лигасында өнер көрсететін командалардың қатысуымен шұғыл отырыс өтті. Кездесуде коронавирустың өршуіне байланысты турнирді уақытша тоқтату туралы мәселе қозғалды.

Бірақ Премьер-лига басшылығы чемпионатты бір турға да тоқтатпайтынын мәлімдеді. Олар матчтарды өткізу үшін бір командада 13 ойыншы мен 1 қақпашы болса жеткілікті деп санайды. Ал қалған ойыншыларды қосалқы командадан тартуға рұқсат берді.

Бұған дейін, вирустың таралу қаупін азайту шараларының бірі ретінде Англия чемпионатындағы клубтардың бір бөлігі вакцинацияланбаған ойыншыларға бөлек жаттығуды және матчтарға бөлек баруды ұсынған болатын.

Еске салайық, Премьер-лиганың 16, 17 және 18-турындағы кейбір матчтар коронавирусқа байланысты кейінге шегерілді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров