Жарнама
Жарнама

АПЛ-де ойнаған футболшы «Ақтөбеден» бас тартты

03.04.2024, 13:50

Бізге келіп жеткен ақпаратқа сәйкес, франциялық шабуылшы Лис Муссе соңғы сәтте Қазақстан біріншілігіне келуден айнып қалған.

Жарнама
Жарнама

"Борнмут" пен "Шеффилд Юнайтед" секілді командалардың жейдесін киген шабуылшының мұндай шешім қабылдауына денсаулығы кедергі болған көрінеді. Футболшының тізесінде жарақаты бар делінген. Ал мұндай жарақатпен Муссеге жасанды төсеніште ойнауға тиым салыныпты. ҚПЛ командаларының жасанды төсеніште ойнайтынын білген соң франциялық футболшы осылайша Қазақстан чемпионатына ауысудан түбегейлі бас тартты. Айта кетейік, Лис Муссе АПЛ-ден бөлек, Бундеслигада да доп тепкен. Франциялық форвард неміс біріншілігінде «Бохум» сапында бақ сынады.     

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров