Жарнама
Жарнама

АПЛ клубтары турнирді уақытша тоқтату туралы ұсыныс тастады

17.12.2021, 19:49
Короновирустың өршуі басты себеп ретінде қарастырылуда.
Жарнама
Жарнама

Ағылшын Премьер-Лигасының көптеген клубтары коронавирустық пандемияға байланысты турнирді 15 қаңтарға дейін тоқтатуды ұсынып отыр, деп хабарлады ESPN басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, командалар вирустың жаңа «Омикрон» штаммының таралуына байланысты турнирді уақытша тоқтату қажет деп санайды. Ұсыныс бойынша Премьер-лига ойындары 15 қаңтарда жалғасуы керек. Бірақ 8-9 қаңтарда өтетін Англия кубогінің матчтарын ауыстыру туралы ұсыныс жасалмаған.

Бұған дейін инфекцияның өршуіне байланысты «Манчестер Юнайтед» - «Брайтон» (16 желтоқсан), «Саутгемптон» - «Брентфорд» (18 желтоқсан), «Уотфорд» - «Кристал Пэлас» (18 желтоқсан), «Вест Хэм» - «Норвич» (18 желтоқсан) және «Эвертон» - «Лестер» (19 желтоқсан) секілді матчтар кейінге шегерілген болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров