Жарнама
Жарнама

АПЛ клубының бұрынғы ойыншысы мансабын Қазақстанда жалғастырмақ

26.02.2026, 14:59

"Ақтөбе" клубы Албанияның "Эгнатия" ұжымымен орталық қорғаушы Арбенит Джемайлидің трансфері бойынша ресми келісімге келді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Arbenit Xhemajli
Жарнама
Жарнама

Panoramasport басылымының хабарлауынша, Aлбандық клуб бұл ауысым үшін қомақты қаржылай өтемақы алады.

Арбенит Джемайли деген кім?

Арбенит — Еуропаның бірнеше біріншілігінде ысылған, заманауи қорғаушыға тән барлық қасиетке ие футболшы. Оның мансабындағы басты деректерге тоқталсақ:

– Швейцария мектебінің түлегі: Ол атақты "Цюрих" клубының академиясында тәрбиеленіп, Швейцарияның жастар біріншілігінде 50-ден астам матч өткізген.

– Ағылшын футболының дәмін татқан: Мансабының бір белесінде Англияның танымал "Сандерленд” клубында өнер көрсетіп, EFL кубогын иеленген.

– "Эгнатияның” көшбасшысы: Соңғы жылдары Албания чемпионатында атой салып, өз клубымен бірге ел чемпионы (2023/24) атанып, Албания Кубогы мен Суперкубогын басына көтерді.

Бойы 1.90 метрді құрайтын алып тұлғалы қорғаушы әуедегі допқа өте мықты. Сонымен қатар, оның солақай болуы "Ақтөбе” қорғанысындағы тактикалық нұсқаларды көбейте түспек.

Нарықтағы құны мен халықаралық тәжірибесі

Қазіргі таңда 26 жастағы футболшының нарықтағы бағасы 500-600 мың еуро шамасында бағаланады (ең жоғарғы көрсеткіші 950 мың еуро болған). Джемайли Швейцарияда туғанымен, тарихи отаны Косовоның намысын қорғайды. Ол Косово ұлттық құрамасында дебют жасап үлгерген және жастар құрамасында (U21) 6 кездесу өткізген.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров