"АПОЭЛ" футбол клубының бас жаттықтырушысы Домингуш Пасиенсия "Астанаға" қарсы(0:1) ойынан кейін журналистерге сұхбат берген болатын.
"Кездесуді жақсы бастай қойған жоқпыз. Және, матчқа дайындығымыз нашар болды деп те айтпаймын. "Астана" ширақ бастап, жылдам гол салды. Әрине, бұл бізге әсер етіп жігіттер қобалжи бастады. Бұл ойында голмен көзге түспесек те, үйдегі қарымта ойын бар. Өз алаңымызда гол саламыз деп үміттенемін"
Cонымен қатар, португал маман "Астананың" жеңісі текетірестің тағдырын шешуге жеткіліксіз деп кесіп айтты.
"Астанаға топтық кезеңге өтуге оңай болады деп ойламаймын. Себебі, біз оларды Кипрде күтеміз. Ал, өз стадионымызда жанкүйерлердің қолдауы бізге әбден көмек болады. Осы ойынға дейін қазақстандық команданың топтық кезеңге өту мүмкіндігі қаншалықты болса, бұл матчтан кейін де соншалықты. Өзгерген түк те жоқ"
Еске сала кетсек, кеше Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңінде елордалық "Астана" "АПОЭЛ"-денн басым түскен еді. Матчтағы жалғыз голдың авторы-Бауыржан Жолшиев. Қарымта ойын 26-шы тамыз күні Никосияда өтеді.