Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде кезекті ойындар болып өтті. Кәрі құрлықтың клубтық деңгейдегі басты жарысының биылғы маусымдағы көркін қыздырып тұрған команда кипрлік АПОЭЛ ұжым болып тұр. Ресейлік «Зенитті» ұтып ,Украина мықтысы «Шахтермен» тең түскен АПОЭЛ сырт алаңда «Портумен » тең ойынға қол жеткізіп топта көш түзеді. ПОРТУ - АПОЭЛ - 1:1 (1:1). Голдар: Халк, 13 (1:0). Айлтон, 19 (1:1) Осы топтағы Украина мен Ресей клубтарының арасындағы теке –тіресте де тең нәтиже тіркелді. ШАХТЕР - ЗЕНИТ - 2:2 (2:1). Голдар: Виллиан, 15 (1:0). Широков, 33 (1:1). Луис Адриано, 45+1 (2:1). Файзулин, 60 (2:2) Соңғы кезде сүреңсіз ойнап жүрген Лонондық «Арсеналға» осы жолы сәттілік серік болды. Әйтпесе өз алаңында ойнаған "Марсель" кемінде бір ұпай ұстауға әбден лайық еді. МАРСЕЛЬ - АРСЕНАЛ - 0:1 (0:0). Голдар: Рэмси, 90+2 (0:1) Гректердің "Олимпиакосы" жарады. Германия чемпионы «Боруссияны» қабылдаған олар айқын басымдылыққа қол жеткізді. ОЛИМПИАКОС - БОРУССИЯ Д - 3:1 (2:1). Голдар: Олебас, 8 (1:0). Левандовски, 26 (1:1). Джеббур, 40 (2:1). Модесто, 78 (3:1). Тағы бір лондондық клуб «Челси» чемпиондар лигасындағы кезекті жеңісін тойлады. Белгиялық «Генк» командасымен болған ойында Торрес қос голды қарсыластар қақпасында тулатты. Мейрелеш, Иванович және Калулар да қанжығасына бір-бір голдан байлады. ЧЕЛСИ - ГЕНК - 5:0 (4:0). Голдар: Мейрелеш, 8 (1:0). Фернандо Торрес, 11 (2:0). Фернандо Торрес, 27 (3:0). Иванович, 42 (4:0). Калу, 72 (5:0) Бұл аптада чемпиондар лигасында ойнап жатқан неміс командалары арасында жалғыз жеңіс «Байерге» бұйырды. БАЙЕР - ВАЛЕНСИЯ - 2:1 (0:1). Голдар: Жонас, 24 (0:1). Шюррле, 52 (1:1). Сэм, 56 (2:1). Ал атақты «Барселона» жеңіске жетті. Бұл сөзбен ешкімді таңқалдыра алмайтынымыз түсінікті. Дегенмен де бұл ойында күтпеген бір жайт орын алды. Алаңнан әлемнің теңдесіз ойыншысы Месси голсыз кетті. БАРСЕЛОНА - ВИКТОРИЯ - 2:0 (1:0). Голдар: Иньеста, 10 (1:0). Вилья, 82 (2:0) Белоруссия чемпионы «БАТЭ» «Миланға» қауқар көрсете алмады. МИЛАН - БАТЭ - 2:0 (1:0). Голдар: Ибрагимович, 33 (1:0). Боатенг, 70 (2:0).