Жарнама
Жарнама

Апта айшығындағы ауқымды оқиғалар + бейнероликтер жинағы

30.08.2011, 21:06
Жарнама
Жарнама
Еуропада футбол маусымы қазірдің өзінде қыза түсуде. Оған дәлел өткен аптадағы ала доп ауылындағы ауқымды оқиғалар. Енді ғана отауын тіккен еуротурларда да осы бастан гол қарша жаууда. Кәрі құрлықтың кіл мықтылары кешегі демалыста 2 "покер" 9 "хет-трик" жасап та үлгеріпті. Солардың бірі "қалалықтардың" қабыланы Эдин Джеко төрт гол тоғытса, Уэйн Руни , Криштиану Роналду, Марио Гомес және Роберто Сольдадо секілді саңлақтар үш доптан қанжығаларына байлапты. Сольдадо бір допты өз қақпасына енгізді демесек , негізі ол да "покер" иесі атанған. Ал, танымал емес тарландар ПСВ ойыншысы Дрис Мертенс, "Зениттік" Кержаков, «Адмир» адмиралы Хосинер, «Яблонец" клубының белді аладопшысы Давид Лафат, Финляндиялық ТПС сапындағы Мики Ээриталолар да үш доптан еншілепті. Сонымен қатар Силламяэ Калев» клубының шабуылшысы Артем Дмитриев төрт голды қарсыласының қызғыштай қорыған төріне енгізіпті. Тағы айта кетер жайт, осы турда ағылшын премьер лигасында, испан примерасында, украина біріншілігінде 30 доптан соғылыпты. Ал францияның 1-лигасында 32 және неміс бундеслигасында 20 гол тіркеліпті. Сонымен қатар, Голландия біріншілігінде 37 гол салыныпты. Ал, өзіміздің премьер лигамызда төреші блокнотына 22 гол жазылыпты. Ал, жалғыз «Манчестер Юнайтед»-«Арсенал» кездесуіне келген көрермендер он голдың куәсі болыпты. Осы ойында жоғарыда айтқанымыздай 3 гол ұрған Уэйн Руни және де "Басби сәбилерінің" аңыз ойыншысы Райан Гиггзді артқа тыстап, "қызыл сойқандар" сұрмергені атағына да ие болды. Сондай-ақ артиллеристтерге атқан алғашқы добы оның "МЮ" сапындағы 150-голы болды. Ал, "көгілдір" көйлегін жаңа киген Кун Агуэро болса үш доп соғып және берген пасы голға айналып әріптестерін қуантса, Самир Насри қарсыластарына үш гол енгізуге өз көмегін тигізіпті. Және Фергюсен тәлімгері Янг 5 голдың асситенті атанды. Ал, осы маусымда «Тоттенхэм» тосырқап қалды. Үсті-үстіне төпелей кірген голдар аталмыш клубты турнир кестенің соңынан бір шығарды. Ал, алтынға басты үміткерлердің бірі "көк жейделілер" көшбасшысы Дрогва "Норвичпен" болған кездесуде нокаут алды. Аталмыш ойынға жаңа ойыншылар Ромелу Лукаку мен Хуан Мата қатысып, Испаниялық ойыншы Мата ойынның соңында "Норвичке" мат қойды. Ал, футболшылардың құқығын қорғайтын кәсіби лига мен ел қауымдастығы әріптестік келісімге келе алмай, соңы бірінші турды кейінге қалдырумен аяқталып, бір апта кеш басталаған Испан примерасында "корольдік клуб" королі Криштиану 3 гол соқса, "каталондық" кәрі құрлық үздігі қос доп ұрыпты. Соңғы жылдары Барселонаға есе жіберіп жүрген корольдік клуб бірінші турда қарсыластар қақпасына жауапсыз алты гол соқты. Жүлде біткенді жиған "каталондық" клуб болса "Реалдан" қалыспай 5 допты «Вильярреал» қақпасына тоғыта салды. Валенсия - Расинг Сантандер кездесуінде 7 доп салынды, ал, оның төртеуінің авторы Сольдадо атанды. Сонымен қатар Бундеслигада да буы басылмас оқиғалар орын алыпты. Батылсынған "Боруссия" "Байердің" осал тұсын таба алмаса да қос құрама жеңіске бергісіз тамаша ойын көрсетті. Ойынды көрмегендей іш пыстырар кездесу болды деп ойлауы әбден мүмкін. Дегенмен қақпашылар ерлігі, соңғы минутқа дейінгі жеңіске деген арпалыс, сары және қызыл қағаздардың жиынтығы. Бұның бәрі ойын көркін аша түскендей. Ал, Чемпиондыққа басты үміткер "Бавария" бабында екенін дәлелдеді. Баварлықтардың сырт алаңда "Кайзерслаутернді" қапыда қалдыруына үш гол авторы Гоместің үлесі зор болды. Ал, Голандия біріншілігіде де ауыз толтырып айтар қызықтармен айшықталды. Алдымен аяксидтер "Витессті" ойсырата ұтып көш басына шықты. Алайда, артынша дәл осындай ірі есеппен жеңіске жеткен "Твенте" "Аякстың" орнын тартып алды. Үштікті Эксельсиор қақпасына 6 доп ұрған "ПСВ" қорытындылап тұр. Кездесу қаһарманы "хет-трик" иесі Дрис Мертенс атанды. "Алкмаар" мен "Адо Ден Хааг" болса қонаққа барып жауапсыз үш гол ұрып, бір қуанып қайтса, "Неймеген" мен "Хераклес" болса тамаша ойын өрнегін көрсетіп, кездесу нәтижесінде алаң иелері жеңіске жетті. Қазақстан біріншілігііне келсек Соңғы екі турда басты қарсыластарына есе жіберген елорда командасы Павлодарлық Ертісті 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Осы турдан кейін аталмыш клуб 26 ұпаймен үшінші орынға көтерілді. Ертіс 21 ұпаймен бесінші сатыда қалды. Ақтөбе болса өз алаңында топ бастаған Жетісуды қабылдап,1:1 есебімен тең түсті. Қарағандыда Шахтер мен Ордабасы ұпай бөлісті. Есеп:2:2. Төменгі топтағы Тобыл Атыраудан ұтылып қалды. Қайсар Қайратты жеңді. Тараз Востоктан басым түсті. Апта айшығындағы елеулі оқиғалар әзірге осы. Дрогваның нокаут алған сәтінен үзінді:

Манчестер Юнайтед 8:2 Арсенал

Тоттенхэм – Манчестер Сити 1:5 "Реал Мадрид" - "Реал Сарагоса" 6-0 Барселона - Вильярреал 5:0 Кайзерслаутерн – Бавария – 0:3 Жинақтаған: Ризуан Азамат
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров