Жарнама
Жарнама

АҚШ-та футболдан ұлттық біріншіліктің кезекті тур ойындары жалғасты

09.10.2011, 14:53
Жарнама
Жарнама
Құрамында Еуропалық футбол жұлдыздары өнер көрсететін Нью-Йорк Ред Буллз бен Лос-Анжелес Гэлакси өзара кездесті. Дэвид Бэкхем мен Тьери Анриге сенім артатын клубтар арасындағы ойында алаң иелері жеңіске жетті. 32-ші минутта Ред Буллз шабуылшысы Люк Роджерс есеп ашты. Сосын Нью-Йорк футболшылары нәтижені ұлғайта түсуге мүмкіндік алған. Тьери Анридің пасынан кейін Роджерс қақпа бағанасын көздеп, екінші голды соға алмады. Қонақтар сапынан Давид Бэкхем белсенді. Айып добынан әдемі соққы жасаған ағылшын футболшысына қақпашы Франк Рост тосқауыл бола білді. Екінші таймда Нью-Йорк командасы кездесуге нүкте қойды. Рафаэль Маркестен пас алған Анри қорғаушыларды қапы қалдырып, Лос-Анжелес қақпасынан саңлау тапты. http://caspionet.kz/kaz/sport/AKShta_futboldan_ulttik_birinshiliktin_kezekti_tur_ojindari_zhalgasti_1317910780.html
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров