Криштиану Роналду екі апта бойы «Әл-Наср» жейдесімен суретке түсті, бірақ әлі алаңнан тыс жерде. Португалиялық шабуылшы Сауд Арабиясын бірден футболдың көрікті орталығына айналдырды. Рас, талқыланып жатқан нәрсе спорт емес, алайда Роналдудың алаңнан тыс оқиғалары кімге болсын, қызық екені анық. Ақшалар, Джорджинаны заңдастыру, әлеуметтік желілер және Мессиге қарсы алдағы матч. Криштиану Роналду Сауд Арабиясында алғашқы екі аптасын қалай өткізгенін бірге тамашалайық.
Роналдудың "Әл-Наср"сапындағы алғашқы матчы
Сауд Арабиясы чемпионатының көшбасшылары қаңтар айында бір кездесу өткізіп үлгерді. Бұл ойын «Әл-Наср» «Әл-Тайдан» арасында өтті. Ойын барысында алаң қожайындары қонақтардан басым түсті, есеп – 2:0. Роналду трибунада жанкүйерлермен бірге қуанып, соғылған голдарды тамашалап кетті. Криштиану көргендеріне таңғалғаны сонша, ол Сауд Арабиясы чемпионатын әлемдегі ең төмен бағаланған чемпионаттардың бірі деп атады.
Роналдудың бірінші матчына қатысты сұрақтар ашық қалды. Португалиялықты Англия футбол федерациясы аутист баланың телефонын шаққаны үшін жарыстардан шеттеткен еді. Мерзімі - екі ойын. “Әл-Наср”қажетсіз жанжалдарды қаламайтын сияқты, сондықтан бірден бірнеше дереккөздер Роналдудың 22 қаңтарда дебют жасайтынын айтады. Сонымен қатар, клубқа 14 қаңтарда өткен ойындарда Криштиану керек еді. 14 қаңтар күні «Әл-Насрдың» ең басты бәсекелесі «Әл-Шабабпен» ойын болмақ. Ал, 22 қаңтарда қарсылас оңайырақ болмақ, ішкі біріншіліктегі ортаңқол команда “Әл-Иттифакпен” ойын өткізбек.
Біз Роналдудыдың алғашқы ойынын 19 қаңтар күні көріп қалуымыз әбден мүмкін. Париждіктер Сауд Арабиясына баратыны туралы ақпаратты растады. “Әл-Наср” мен “ПСЖ”арасындағы жолдастық ойын ұзақ уақыттан бері жоспарланып келе жатқан ойындардың бірі. Ойын 19 қаңтарда күні болады. Сонымен қатар, жинақталған құрам ПСЖ-ға қарсы ойнайды, оны тағы бір алпауыт “Әл- Хилал” ойыншыларның құрамы күшейтеді. Месси секілді басты жұлдыздардың қатысу, қатыспау мәселесі ашық күйінде қалды.
Роналдудың “Әл-Насрдегі” жанжалдары
Португалдық аңыз мансабын Сауд Арабиясындағы дәстүрлі тілекпен бастады. Роналду клубта өзбекстандық Жалолиддин Машарипов иемденетін, жетінші нөмірді талап етті. Журналисттер Роналдудың жаңа бәсекелесін іздеп жатқанда, басшылық өзбек аяқдопшысынан әрекет жасады, бірақ нәтиже болмады. Машариповтың өзіне сенімділігі сонша, ол әлеуметтік желілерде «жеті» туралы әзілдеді. Яғни, бұл нөмірді жаңадан келген адамға бермейтіні туралы айтты. Бұл хабарлама көпшіліктің арасында резонанс тудырды, сондықтан өзбек тіпті кешірім сұрауға мәжбүр болды. Әрине, Жалолиддин, барлық «Әл-Наср» ойыншылары сияқты, оларға әлемнің ең үздік футболшысы келгенін мойындайды.
Роналду жетінші нөмірді алды, бірақ жанжалдар мұнымен біте қоймады. “Әл-Насрда” Роналду үшін клубта орын болмай қалды. Сауд Арабиясы чемпионаты тек сегіз шетелдік ойыншыға мүмкіндік береді. Бұл ретте матчқа деген ережеде, тек жеті ойыншы ғана қатыса алуы мүмкін. “Әл-Наср” басшылығы онымен қоймай Машариповтан құтылу үшін екінші әрекетін жасады, бірақ өзбек футболшысы мұнда да қарсылық көрсетті. Ендігі жаңа құрбан әлем чемпионатының қаһарманы Винсент Абубакар болды. Құрамадағы Криштиану Роналдуға орын тауып беру үшін, оған дереу команданың есігі көрсетілді.
Камерундық шабуылшы ақыры, өз ренішін білдірді:
«Мен әрқашан Мессиді Роналдудан жақсы деп ойладым. Роналдумен бір жаттығудан кейін менің пікірім дұрыс екеніне көзім жетті», - деді футболшы.
Арада уақыт өткеннен кейін испандық баспасөзден суық хабар жетті. Болжам бойынша, «Әл-Наср» киім ауыстыратын бөлмеде ойыншылар өздерін жайсыз сезінеді. Біріншіден, олар жұлдызбен өзін қалай ұстау керектігін білмейді. Екіншіден, Криштианудың келуі оларды қорқытады екен. Роналдудың келісім-шартындағы пункттар шыныменде, ойыншы және команда үшін қауіпті көрінеді. Келісім-шарттағы пунктта көрсетілгендей, егер командада бірдеңе ұнамаса, португалиялық бапкерді өзі орнынан ала алады деп хабарланған болатын.
Джорджинаны заңдастыру
Роналду Сауд Арабиясына сапар шекеннен кейін, отбасы мәселесіне тап болды. Роналду келсе де, Сауд Арабиясы әлі де жабық ел болып қала береді. Бірнеше жыл бұрын билік штатты туристер үшін ашты, бірақ бірқатар қатаң шектеулер әлі де бар. Мысалы, Сауд Арабиясында ер мен әйел жақын туыстар болмаса, бір шаңырақ астында тұра алмайды. Айта кетейік, Роналду Родригеспен заңды некеде емес.
Ресми түрде португалдық өзінің қарапайым әйелімен бірге заңды бұзуға тәуекел етті, бірақ, әрине, Криштиану қиын сәттен өтуге басшылық көмектеседі. Мәселенің ең басты шешімі - “Әль-Наср” Родригесті жұмысқа алады. Тағы бір мәселе, Сауд Арабиясы үйленбеген әйелдерге виза бермейді.
РОНАЛДУНЫҢ “ӘЛ-НАСРДАҒЫ”ЖАЛАҚЫСЫ ЖӘНЕ БОНУСТАРЫ
Португалиялық аңыз үшін енді ақша мәселесі кедергі болмайды. Криштиану Роналдудың «Әл-Насрдағы» жалақысы жылына 200 миллион еуроны құрайды. Сонымен қатар, португалдық тек футбол алаңында ойнағаны үшін емес, былай-ақ жүріп бонустар ала алады. Атап айтқанда, Криштиану Сауд Арабиясының 2030 жылғы әлем чемпионатын өткізу мақсатындағы өтінімді қабылдау үшін, елшілерінің бірі болуы мүмкін. Бұл ресми түрде расталған жоқ, бірақ португалиялыққа осы жұмысы үшін баспасөзде 200 миллион еуро бонус берілді. Жалпы алғанда, Сауд Арабиясындағы Роналду барлық бонустарды есептесеңіз, миллиард еуро көлемінде табыс таба алады екен. Осылайша, Криштиану ресми түрде әлемдегі ең жоғары жалақы алатын спортшы болды. Әзірге, ойыншылардың арасында жылына 150 миллион еуро да алатын ешкім жоқ.
Дархан Қасымхан
Біздің серіктес: FONBET