«Қайраттың» жартылай қорғаушысы Айбол Әбікен 2022 жылғы маусымды «Ақсуда» өткізеді, деп хабарлайды алматылық клубтың баспасөз қызметі.
«Қайрат» тәрбиеленушісі 2022 жылдың соңына дейін павлодарлық командаға жалға берілді.
Әбікен соңғы кездері «Қайраттың» қосалқы командасымен жаттығып, алматылық клубтың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынынан тыс қалған болатын. Содан кейін «Ақсудан» шақырту алып, команданың жаттығу жиынына қатысты.
Өткен маусымда Әбікен «Қайрат» жейдесінде 40 матч өткізіп, 5 гол соқты.
Біздің серіктес: FONBET