Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаил Оспановпен келісім-шартқа отырды.
«Атыраудың» 24 жастағы түлегі Премьер-лиганың дебютанты «Ақсудың» ұсынысын қабыл алды. Оспанов өткен маусымда жиі ойнамай, қосалқы құрамнан шығып отырды. Чемпионатта 20 ойын өткізіп, 1 гол соққан.
«Мұнайшылардың» жаңа бапкерлер штабы келесі маусымда Оспановқа сенім артқанымен, ойыншы «Ақсудың» ұсынысын қабылдауға бел буды. Оның үстіне қаржылық жағынан павлодарлық клубтың ұсынысы «Атырауға» қарағанда әлдеқайда тиімді.
Біздің серіктес: FONBET