Бүгін Бірінші лиганың соңғы турындағы ойындар өтті. «Тараз-Қаратау» клубын 1:3 есебімен жеңген павлодарлық «Ақсу» Бірінші лиганың чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Олар 22 ойында 50 ұпай жинады.
«Екібастұздан» жеңілген «Мақтаарал» күміс жүлдеге ие болып, жоғарғы дивизионға көтерілді. Олардың еншісінде 46 ұпай бар. Ал қола жүлде 42 ұпай жинаған «Қыранға» бұйырды. Өткен жылы Премьер-лигадан шығып қалған «Оқжетпес» төртінші орынды қанағат тұтты.
«Ақсудың» жас шабуылшысы Мирас Тұрлыбек маусымның үздік сұрмергені атанды (20 гол). Бір гол аз соққан «Оқжетпес» ойыншысы Жасұлан Молдақараев екінші орынға табан тіреді.
Біздің серіктес: FONBET