Жарнама
Жарнама

«Ақсу» директоры: «Риераның футбол адамы екеніне күмәнім жоқ»

13.12.2021, 16:36
Риераны тағайындау арқылы павлодарлық клуб қосымша табыс тапқысы келеді.
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» клубының су жаңа директоры Әлихан Лесов Prosports.kz сайтына берген сұхбатында бас бапкер қызметіне испаниялық маманды шақыру және футболдан табыс табу туралы айтып берді.

- Альберт Риераны шақыру тәуекелге бару емес пе? Премьер-лигада алғаш өнер көрсететін клубқа ел футболымен таныс тәжірибелі маман қажет болмай ма?

- Кез келген жаттықтырушыны шақыру тәуекел болып саналады. Бірақ Альберт Риераға келгенде үлкен тәуекел жасадық деп айта алмаймыз. «Ақсу» футболдан пайда тапқысы келеді, ал Риераның танымалдылығы қосымша табыс әкелуге көмек болады.

- Демек Риераның келуі маргетингтік жол дегенге келісесіз бе? 

- Бұл ғана емес.

- Альберт бұрын өз бетінше жұмыс істеп көрмеген. Ал мұнда жоғары дивизионда бақ сынайтын клубтан ұсыныс түсті...

- Риераның футбол адамы екеніне күмәнім жоқ. Мен бұрыннан «Ливерпульдің» жанкүйерімін, сондықтан Альберттің ойыны әлі жадымда. Бапкерлік қызметке келгенде Хосеп Гвардиола, Рафаэль Бенитес секілді мамандармен бірге жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Ал өткен маусымда Фатих Теримнің көмекшісі болды.

Риера - біз ойлағандай испан азаматы емес. Ол ұзақ уақыттан бері Омбыда өмір сүріп келеді. Орыс тілін жақсы меңгерген. Біздің ауа-райы оған кедергі болмайды деген ойдамын. 

- «Ақсудың» жаттықтырушылар штабының құрамын жасақтауда Қазақстан құрамасының бас бапкері Талғат Байсуфиновтың ықпалы болды. Бұл жолы да солай болды ма?

- Талғат Маруаұлын сыйлаймын. Бірақ ол командаға әсер ете алмайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров