Жарнама
Жарнама

«Ақсу» клуб логотипін жаңартты

23.12.2021, 16:15
Палодарлық клуб логотипін заманауи стильге сай жасаған екен.
Жарнама
Жарнама

Павлодарлық «Ақсу» клуб логотипін жаңартқанын хабарлады. Бұл эмблема павлодарлық клубтың тарихи (көк және қызыл) түстерінен құралған.

Логотиптің пішіні ағылшын қалқанына ұқсайды, ал жиегі алтын түсті сызықпен қоршалған. «Aqsu» деген атау латын әріптерімен технологиялық стильде жазылған.

Эмблеманың ортасында шағала мен доңғалақ бейнеленген, бұл клубтың айбынды Ертіс жағалауындағы өнеркәсіптік аймақтан екенін, яғни Павлодар облысының командасы екенін көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров