Жарнама
Жарнама

«Ақсу» қазақстандық жартылай қорғаушымен келісім-шарт жасасты

31.12.2021, 23:16
Өткен маусымда футболшы «Атыраудың» негізгі құрамына іліге алмады.
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Рафаил Оспановты қатарға қосты. Қос тарап бір жылдық келісім-шартқа қол қойды, деп хабарлайды павлодарлық клубтың баспасөз қызметі.

«Атыраудың» 24 жастағы түлегі өткен маусымда 20 ойын өткізіп, 1 гол соққан.

«Мұнайшылардың» жаңа бапкерлер штабы келесі маусымда Оспановқа сенім артқысы келгенімен, ойыншы «Ақсудың» ұсынысын қабылдауға бел буды. Оның үстіне қаржылық жағынан павлодарлық клубтың ұсынысы «Атырауға» қарағанда әлдеқайда тиімді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров