Жарнама
Жарнама

«Ақсу» Қырғызстан құрамасының қорғаушысымен мәміле жасасты

13.02.2022, 00:04
Қайрат 2018 жылы Қырғызстанның үздік футболшысы деп танылды.
Жарнама
Жарнама

«Ақсу» клубының баспасөз қызметі Қырғызстан құрамасының 28 жастағы қорғаушысы Қайрат Жырғалбекұлымен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.

Қайрат – Бішкек футбол мектебінің түлегі. 2012-2014 жылдары «Әбдіш-Ата» сапында өнер көрсетті. 2015 жылы «Дордойға» ауысты. Бұл клубпен АФК кубогіне қатысып, ел чемпионы және Қырғызстан кубогінің үш дүркін жеңімпазы атанды.

Айта кетейік, ол Қырғызстан құрамасының негізгі ойыншысы болып табылады.

Сондай-ақ павлодарлық клуб 27 жастағы қазақстандық қорғаушы Григорий Сартаковпен келісім-шартты ұзартты.

Сартаков – Павлодар футбол мектебінің тәрбиеленушісі. Бұған дейін «Тобыл», «Спартак», «Ертіс» сынды клубтарда өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол «Ақсу» жейдесінде 15 матч өткізіп, бір гол соққан.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров