«Ақсу» 24 жастағы ресейлік қорғаушы Ислам Жиловпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Ресейлік футболшы павлодарлық клубқа еркін агент ретінде ауысты.
Ислам Жилов ұзақ уақыт бойы Ресейде өнер көрсетті. Атап айтсақ, «Спартак Нальчик», «Анжи», «Зенит-2», «Екатеринодар» секілді командалардың намысын қорғады. Қорғаушының соңғы клубы «Машук-КМВ» (11 матч) болды.
Сондай-ақ «Ақсу» 26 жастағы жартылай қорғаушы Матвей Матвиенкомен келісім-шарт мерзімін ұзартты. Өткен маусымда футболшы 11 ойынға қатысып, 7 гол соқты және төрт нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET