Жарнама
Жарнама

«Ақсу» соңғы минуттарда жеңісті жұлып әкетті

11.09.2022, 01:00
Қос команда матч барысында жеті гол соқты.
Жарнама
Жарнама

«Тараз» Қазақстан Премьер-лигасының он тоғызыншы турында «Ақсумен» күш сынасты. Кездесу Тараздағы Орталық стадионда өтіп, 3:4 есебімен аяқталды.

Ойынның алғашқы жартысында павлодарлық клуб Мирас Тұрлыбек пен Еркебұлан Тұңғышбаевтың арқасында алға шыққан еді. Бірақ алаң иелері сапында Марат Шахметов пен Жақып Қожамберді жауапты голды соқты. 68-минутта Тони Сильва мергендік танытып еді, 82-минутта Абылайхан Жұмабек таразы басын қайта теңестірді. Бірақ 97-минутта Дамир Марат жеңісті голды соғып кетті.

«Тараз» – «Ақсу» – 3:4

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Әділет Кеңесбек, Лука Гадрани (Берік Айтбаев 66), Нұрлан Дайыров, Мақсат Әмірханов (к) (Ермек Қуантаев 73) – Милен Гамаков (Максим Дегтярёв 76), Марат Шахметов (Ерсұлтан Қалдыбеков 72) – Дінмұхамед Қараман (Абзал Таубай 46), Жақып Кожамберді, Абылайхан Жұмабек;

Қосалқы құрам: Денис Кавлинов (қ), Джурахон Бабаханов (қ) – Бекзат Шадманов – Бектас Нұрдәулет, Алмас Сапарғалиев, Қуаныш Қалмұратов, Еркебұлан Тойбеков;

«Ақсу»: Марсель Исламкулов (қ) – Гафуржан Сүйімбаев (к), Ұлар Жақсыбаев, Фейт Обилор, Руслан Есімов (Дамир Марат 90+2) – Лазар Зличич, Михаил Бакаев, Қайрат Жырғалбек уулу, Тони Сильва, Еркебұлан Тұңғышбаев (Ислам Жилов 84) – Мирас Тұрлыбек (Арман Смаилов 62);

Қосалқы құрам: Евгений Кучеренко (қ) – Алексей Дитятьев – Анатолий Красотин, Тамерлан Агиманов, Жасұлан Қайыркенов;

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров